Жарияланды: 430

Қызылордада жол апатынан жол полициясының қызметкері қаза тапты

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада жол апатынан жол полициясының қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда қаласының Жібек жолы көшесінде 2 қазанда сағат 21.10-да белгісіз бір автокөлік ІІД Жол полициясы басқармасының 25 жастағы инспекторын қағып кетті. Апат салдарынан жігіт есін жимастан ауруханада қайтыс болды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін