Қызылордадағы орталық мешітте ҰОС ардагерлеріне сый-сияпат жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордадағы орталық мешітте ҰОС ардагерлеріне сый-сияпат жасалды

Қызылордадағы орталық мешітте ҰОС ардагерлеріне сый-сияпат жасалды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы

  • 6 Мамыр 2015
  • 344
Фото - Caravan.kz

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты арнайы шарасын ұйымдастырды. Бұл туралы облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шара барысында облыстағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қалалық әжелер ансамблі арнайы шақырылып, мешітте дастархан жайылып, Құран оқылды.

Ардагерлерге арналған аталмыш арнайы отырысты облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров ашып, ардагерлерге деген алғысын білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды. Ұлы Жеңісті жақындатып, қан майданда от кешкен ардагерлерге деген шынайы көңілі мен шексіз алғысты жеткізді.