Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды

Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 7-қарашада Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды. Бұған дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған Имамадин Оңғарбаев қала әкімі болып тағайындалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қараша 2005
  • 513
Фото - Caravan.kz

И.Оңғарбаев 1953-жылы Арал ауданында туған. Мамандығы — құрылыс инженері. 1975-жылы Қазақ политехника институтын бітірді. 2003-жылдан бастап «Қазнефтегазконсалтинг» ЖШС директоры болды. 2004-жылдың маусым айынан бастап бірнеше ай Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып істеді. Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасарлығына ауысты.

Бұл — жыл басынан бері Қызылорда қаласына келген үшінші әкім. Бұған дейінгі әкім Марат Үдербаев денсаулық ахуалына байланысты қызметтен кетті. Мамыр айында оның орнына тағайындалған Айтбай Көшербаев бүгін облыс әкімінің орынбасарына бекітілді.