19 жыл күткен перзенттерінің дертімен жалғыз алысқан Толқын Баймаханова өз балаларынан алыстап кете алмайды. Себебі Сезімнің басы үлкейіп, қазір жасы екіден асса да, дамуы 6 айлық баланыкімен бірдей. Оған Израильде ота жасалса, жағдайы жақсаруы мүмкін екен. Бірақ құны 4 млн теңге. Шетелдік дәрігерлер Бегімге де қол ұшын созуға дайын көрінеді. Аузындағы қоян жырықты кетіру үшін үш мәрте операция жасау қажет. Бірақ жалғызбасты ана үшін қаржы жинау қиын болып тұр. Себебі екі қыз үшін берілетін 80 мың жәрдемақының 60 мыңы пәтер жалдауға кетеді. Сондықтан жалғызбасты ананың бар үміті қайырымды жандарда.
Толқын Баймаханова, егіздердің анасы:
-Бастың ми бөлігінде өз жасына сәйкес емес, ішінде су болғандықтан, оны азайтпай мидың жетілуі қиын болады. Мойнымызды ұстай алмай, әлі күнге дейін отыра алмайтындығымыз судың көптігінде. Көрсетілген қаражатымызды жинап, барып келсек. Осы екі қызымды аяқтарынан тік тұрғызуға қол ұштарын берсе деген ниеттемін.
Отбасының байланыс телефоны:8 776-916-49-16