Бас редакторлар мен қатардағы тілшілер «Қызылорданы бірге тұрғызамыз» деген ұранмен әрі ерекше ықыласпен іске кірісті. Кәсіби мереке қарсаңында ер азаматтар үш топқа бөлініп, кірпіш қалаудан жарысса, қыздардан құралған екі топ қабырға сылаудан сынға түсті. Жұмысқа білек сыбана кіріскен әріптестердің мақсаты біреу – көп болып қаланы көркейту. Шара соңында шеберлігімен көзге түскен тілшілер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сәрсенгүл Биқожа, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы:
– Бәріміздің туған қаламыз – Қызылорданың өсіп өркендеуі осында тұратын барлық қалалықтарға қолайлы болуы және баспананың халыққа қолжетімді болуы журналистер үшін елеулі тақырып. Жалпы, шаһардың өсіп-өркендеуіне жуналистердің де үлкен үлесі бар деп есептеймін.