Қызылордалықтар тегін жер беріледі деген қауесетпен әкімдікке келген - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалықтар тегін жер беріледі деген қауесетпен әкімдікке келген

Қызылордалықтар тегін жер беріледі деген қауесетпен әкімдікке келген

Бүгін Байқоңыр қаласының тұрғындары түгел Қызылордаға ағылды. Жарты мың адам таң атысымен қала әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кірмек болды. Дереу жеткен тәртіп сақшылары елді қақпаның сыртына шығарып тастады. Апта басынан бері өңірде Байқоңыр тұрғындарына тегін жер таратылады деген қауесет тарапты, жұрт соған сеніп келген.

  • 13 Маусым 2014
  • 360
Фото - Caravan.kz

Сайлау Есімқұлов, Байқоңыр қаласының тұрғыны:

-Осы халықтан естідім Қызылордада әкімшіліктен жер береді деп. Соған бола 6-ғы автобустан түсіп осында келіп тізімге тіркеліп жатырмыз. Әлі тұрмыз. Сағат 4 болды. Әкімшілік басқаша дейді, халық басқаша дейді.

Келген жұрттың сөзіне сенсек, гептилмен уланған Байқоңыр тұрғындарына Қызылорда қаласының төңірегінен үй салу үшін гектарлап жер қарастырылған. Соған бола аптығып автобустарға тиеліп жеткен адамдар әкімдікке тура кіре алмады. Артынша барлығының бос дақпырт екенін білген. Мұнда Байқоңыр қаласының 500-ден астам тұрғыны келіпті. Ал атқамінерлер олардың жұрт қатарлы кезекке тұратынын ескертті.


Мырзахмет Дүйсенбаев, Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

— Бұл әңгіме қай жақтан тарағанын білмедім, бірақ қалай болғанда да кезекпен беріледі жер учаскесі. Қазіргі күні жер кодексінде де басқа заңдарда да көрсетілмеген жер кезектен тыс беріледі деп. Бізде ондай жеңілдіктер жоқ.