Жарияланды: 120

Қызылорданың тумасы Эстония астанасының әкімі болып сайланды

Қызылорданың тумасы Эстония астанасының әкімі болып сайланды

Қызылорданың тумасы Эстония астанасының әкімі болып сайланды

Қызылорда қаласының тумасы Михаил Кылварт Эстония астанасы Таллиннің әкімі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Эстония астанасының жаңа мэрі болып Қазақстанда дүниеге келген орыс тілді саясаткер сайланды. Қызылордада дүниеге келген Михаил Кылварттың ұлты кәріс. 

Қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлаған хабарламада, "Таллин қалалық кеңесінің төрағасы Михаил Кылварт 11 сәуір, бейсенбі күні, Эстония астанасының жаңа мэрі болып сайланды" делінген. 

Таллин әкіміне жалғыз үміткер болып Михаил Кылварт қана ұсынылған. Оның кандидатурасын Таллинде Орталық партияны басқаратын фракция ұсынған. 

70 қатысушының 45-і Кылвартқа дауыс берген. Ал 25 депутат қарсы дауыс берді. Таллинннің бұрынғы мэрі Таави Аас наурызда Эстонияда өткен парламенттік сайлаулардан кейін, жоғарғы заң шығарушы органның депутаты болып бекітілді.

Айта кету керек, Михаил Кылварт Эстонияда орыс тілін бірнеше рет қорғап, оқу орындарына қай тілде оқығысы келетініндерін өздеріне таңдатуды қолдады. Сондай-ақ, ол спортшы ретінде де белгілі, Эстония таэквондо одағын осы Қазақстанның тумасы құрған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін