Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр – Ажар Ғиният - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр – Ажар Ғиният

Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр – Ажар Ғиният

Елімізде қызылша ауруы өршіп тұр.

  • 9 Қаңтар
  • 16
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында қызылшаны ауыр өткеріп жатқан балалардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан астам төсек орын ашылды. Стационарлық емделуге 2375 бала жатқызылған, жүктеме 60 пайызға жетті. Резервте 1093 орын бар. Емдеуге жатқызу Жамбыл облысында – 92%, Алматы қаласында – 88%, Түркістан облысында – 81%, Шымкент қаласында 79% жоғары екені байқалады», – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол қызылшадан адам өлімі тіркелмегенін атап өтті.

«Емдеуге жатқызылғандардың арасында 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ. Жағдайы ауыр балалардың бәрі министрліктің бақылауында», – деді министр.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр