Жарияланды: 620

Қызылжарда қала күніне арналған мереке өтеді

12-шілдеде Қызылжарда қала күні атап өтіледі. Осыған орай қаланың Орталық алаңында қала әкімі мен Ресейдің Омск қаласынан келген өкілдердің қатысуымен күндіктің салтанатты ашылу шарасы өткізіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Соған сәйкес екі қаланың кәсіби және әуесқой өнер ұжымдарының үлкен концерттік бағдарламасы жоспарланған. Жеңіс саябағында ардагерлер хоры мен әскери үрмелі аспапатар оркестрінің қатысуымен ретро-концерт өтеді. Қалалық мәдени- демалыс саябағында балаларға арналған "Балалық Планетасы" атты бағдарлама мен қуыршақ театрының концерті, "Шапито" циркінің қойылымы мен татар-башқұрт халықтарының дәстүрлі "Сабантой" мерекесі өтеді деп жоспарланған. Күндік бағдарламасы түн ортасында Орталық алаңдағы от шашумен аяқталады. Петропавловск-Қызылжар қаласының іргетасы 12-шілдеде қаланған деп саналады. Қала бекініс ретінде 1752-жылы салынған. Оған православие дінінің Петр және Павел апостолдарының құрметіне Петропавловск деген атау берілді. Географиялық қолайлы өңірде орналасқан қамал соңынан Ташкент, Бқхара және Қытаймен сауда-саттық жасайтын ірі сауда орталығына айналды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін