Бір күнде осындай 111 тілемсек анықталған. Әрқайсысына 10 мың теңгеден айыппұл салынды. Егер қарыз өтелмесе, қайыршының ісі сотқа беріледі. Тіленіп, көше кезгендердің әрине ақшаны төлемесі анық. Сондықтан заң өкілдерінің қолынан келер бар амалы –оларға борышкер ретінде елден шығуға тыйым салу. Тек шекара аспақ түгілі, қарын тойдырудың қамымен жүрген олар мойындарына ілінген қарызға пысқырмайтын сыңайлы.