Жарияланды: 500

"Қызыңыз қайтып келіп, ойбай, Иманбаева ұзатып еді деген әңгіме болмасын": Әнші неге қыз ұзатпайтынын айтты

"Қызыңыз қайтып келіп, ойбай, Иманбаева ұзатып еді деген әңгіме болмасын": Әнші неге қыз ұзатпайтынын айтты

Айгүл Иманбаева неге қыз ұзатпайтынын айтты.

Соңғы жылдары қыз ұзату дәстүрі бизнестің көзіне айналып кеткен. Өнер адамдары үшін табыс табудың құралы болған шоу-бизнестің бұл түрі бәріне дерлік ұнай қояды деп айту қиын. Қыз ұзатқанды ұнатпайтындардың қатарында Айгүл Иманбаева да бар. Әнші неге қыз ұзатпайтынын түсіндіріп берді. Ырымға сенетін өнер иесі қыздың өміріне әсер етіп қоярмын деп қорқатын көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Менің өзімнің басымнан өтті. Шымкентте бір қызды сіз шығарып салсаңыз дегенде, мен бірден "Сіз ойланыңыз, ертең қызыңыз қайтып келіп, ойбай, Иманбаева ұзатты деген әңгіме болмасын" деп бетіне айтқанмын. Сөйтіп ұзатқанмын, ажыраспай-ақ, дым да болмай-ақ өмір сүріп жатыр, он жыл болды", - дейді Айгүл Иманбаева.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін