Қызының бақытсыздығына өзін кінәлаған ананың сөзі талайды жылатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызының бақытсыздығына өзін кінәлаған ананың сөзі талайды жылатты

Қызының бақытсыздығына өзін кінәлаған ананың сөзі талайды жылатты

Әлеуметтік желіде түрлі ғибратты әңгімелер таралып жатады. Әрине, көркемдігі әлсіз. Бірақ ол өмірдің өзінен алынған. Таратушылар осындай жағдайлар жұртқа сабақ болса екен деген оймен салады мұндай дүниелерін.

  • 11 Шiлде 2017
  • 13796
Фото - Caravan.kz


Caravan.kz медиа-порталы жан тебірентерлік, өмірлік сабақ боларлық хикаяларды жариялау үрдісін жалғастырады. Бұл жолы төмендегі жазбаны оқырман назарына ұсынамыз. 

Әйелдерді жасаған күнәсі үшін балаларымен қинайды

Осыдан екі жыл бұрынғы жаз кезі болатын. Қызым екеуміз пойызға отырдық. Екеуміздің орындарымыз төменде, ал қасымыздағы апайдың орыны жоғарыда болып шықты. Сондықтан қызым:
— Апа, жоғарыға мініп түсуіңіз қиын болар, сіз менің орныма орналасыңыз. Мен жаспын ғой, жоғарыға орналасайын ,- деді.
Апа қуанып алғысын жаудырып жатты. Жаймаларымызды төсеп жайғасқан соң, шəй жасап дастархан басына отырдық. Рамазан айы еді. Ауыз ашып, шөлімізді басып , біраз тамақтанып болған кезімізде апай :
— Қызым , сен бақыттысың ба? — деп сұрады.
— Иә, бақыттымын! — деп айтайын деп тұрдым да, "Бақытсыз жандардың жанында өзіңнің бақытты екеніңе мақтанба, жаны жабырқап қалады",- дейтін анамның сөзі есіме түсіп:
— Шүкір, апа, тəуліктің жартысы күн, жартысы түн ғой,- дедім.
— Басымнан өткен оқиғаны айтсам тыңдайсың ба?
— Жарайды, апай, тыңдайын.
— Иə, тыңдап ал. Мүмкін өміріңе қажеті болар.
Менің сенімен жасты қызым бар. Үш ұлдан кейінгі кенже, əрі ерке қызым еді. Жақында куйеуі асылып қайтыс болды. Ата-енесі балаларының өліміне қызымды кінəлап, оны үйлерінен қуып жіберді. Қызыма тұратын пəтер тауып беріп, азырақ күн қастарында болып қарасып келе жатқан жайым бұл. Үйіме де сияр еді. Келініммен келісе ме, жоқ па, кім білсін? Кей кездері өзіміз өз үйімізге артық болып қаламыз. Екі баламен қайдан жақтырсын.
— Апа, балаларына өмір берсін, мойымаңыз, — деп едім.
-Иә, тірі адам тіршілік қылар. Ұл-қызы өсіп қатарға қосылар. Мені қынжылтатыны бұл емес, жанымды жегідей жегені оның бақытсыздығына мен өзімді кінəлі санаймын.
Жасырақ кезімде, елден жағдайымыз артығырақ болды. Күйеуім аудан басшыларының бірі еді. Не ішем, не кием демей шалқақтап, біреулерге онша менсінбей қарайтынмын. Үш ұлым бар, көршілерім де жақсы жандар. Екі үйден кейінгі үйде күйеуі көлік апатынан қаза тапқан, өзімнен екі-үш жас кіші жесір келіншек бір қыз, бір ұлымен тұратын. Ақылды, сабырлы, көрікті де сүйкімді еді. Көршілердің бəрі ұнататын, тіпті ол келіншекті куйеуім де мақтап отыратын. Мен ондай кезде іштей қызғанышпен жақтырмай қалатынмын. Үш жылдай бірге тұрдық, кейін көшіп кетті. Сол үш жылда оның бойынан кемшілік іздеп табуға тырысатынмын. Бірақ ешнəрсе таба алмай жынданатынмын. Онымен бір жерде отырсам, отбасым, дүниеміз жайлы, балалардың болашағы жайлы айтып мақтанатынмын. Ол сонда да күлімсіреп бас изеп отыратын. Менің онан сайын жыным ұстап, əлгі келіншекті атарға оғым болмайды. Оған бір еркек амандасса "бұл кім танысың ба, жақсы араласасың ба?" — деп тырнақ астынан кір іздейтінмін. Бір күні онымен базарда кездесіп қалдық. Алма алып тұр едім, ол да келіп алды да, екеумізге ақшасын қосып төледі. " Өзім",- дей бергенім сол еді, "Сіз маған үлкен болып, қанша жақсылық жасадыңыз. Мен көшіп бара жатырмын. Үлкен сый жасай алмадым. Тым болмаса алма алып берейін",- деді. Мен өзімнен өзім жасаған жақсылықтарым Алладан қайтқандай марқайып, оған менменси қарап тұрдым.
— Сіз маған күйеусіз өмірдің қандай қиын екенін, жесір əйелдің ешбір еркекке амандасуына болмайтынын үйреттіңіз. Алғысым шексіз,- деп жасқа толы жанарымен қарағаны көз алдымда. Əрбір алма жеген кезімде сол келіншектің жасқа толы жанары көз алдымда тұрады да қояды. Кейінірек ұмытып кеттім. Араға біраз жыл салып өз қызым жесір қалғанда əлгі жасаураған көздер көз алдыма қайта келіп , кетпей қойды. Қызыммен сырласып отырғанда:
— Мама, куйеуі бар келіншектер куйеуін айтқанда, кейбірі куйеулерін менен қызғанғанда жүрегім қан жылайды,- деп өз қызым жылағанда, қызыма өзімнің тəкаппарлығым арқылы, жалған дүниенің буына мастанып, Құдайды ұмытып, асылық сөйлеп, күнәһар болғанымды, Алла-тағаланың "Əйелдерді жасаған күнəсі үшін балаларымен қинаймын" дейтінін естігенде қызымның тағдырына өзімнің кінəлі екенімді білдім. Əттең кеш білдім! Біздің бақыттан басымыз айналып, шалқып өмір сүргеніміздің құны өз балаңның қиналғанын көргенде соқыр тиын да тұрмайтынын, балаларың сенің жасаған қателіктерің үшін қиналатынын білгенде қандай қиын екенін сол кезде білсем ғой. Өз қызымның басына келген нəубет мені қартайтып жіберді. Бір өкінетінім, ол келіншектің қайда екенінен бейхабармын. Кешірім сұрап, аяғын құшып жылағым келеді. Мен оны мазақ етіп отырғанымда күлімсіреп отырғаны көз алдымнан кетпейді .Сіңлім, мына алдыңда құлпырып өсіп келе жатқан қызыңның болашағы жарқын болсын десең əрбір ісіңе, əрбір сөзіңе абай бол, қарағым ,- деп жанары жасқа толған апа сөзін аяқтап терезеге бұрылып кетті. Ішінің қан жылап, жасаған қателіктерін ойлап отырғанын сезіп үндемедім.
Иә, апаның айтқан сөздері өте дұрыс. Десек те кейде күпірлік қылып жататынымыз бар. Аллам біліп білмей жасаған күнəміз болса кешіргей. Жасарымызды жасап, ренжітерімізді ренжітіп алып, «Алла кешірсін» ,-деп тақуа бола қаламыз ау. Кейде «ауыз өзімдікі, өз күнəма өзім жауап берем»,- деп те ауыз толтыра сойлейміз. Бірақ күнəмізге баламыз жауап беретінін ескере жүрейік. Ешкімнің көз жасына, ешкімнің наласына қалмайық, ағайын. Балаларымыздың қуанышына ғана куəгер болайық.

Соңғы жаңалықтар