Радиожиіліктерді басқару жөніндегі бірқатар функцияларды коммерциялық құрылымдарға беруге болады - ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Радиожиіліктерді басқару жөніндегі бірқатар функцияларды коммерциялық құрылымдарға беруге болады - ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Радиожиіліктерді басқару жөніндегі бірқатар функцияларды коммерциялық құрылымдарға беруге болады - ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Радиожиіліктерді басқару жөніндегі қазір мемлекеттік құрылымдар атқарып отырған бірқатар функцияларды коммерциялық құрылымдарға беруге болады. Бұл туралы бүгін, 17-мамырда мәжілісте "Радиожиіліктерді конверсиялау" тақырыбына орай "үкіметтік сағат" аясында баяндама жасаған ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Біржан Қанешев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 17 Мамыр 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Радиожиіліктер спектрін басқаруға қатысты халықаралық тәжірибе дәлелдеп бергеніндей, радиожиіліктерді таратуға қатысты бірқатар функцияларды коммерциялық құрылымдар жүзеге асыра алады»,- деді Б.Қанешев. Оның айтуынша, «радиожиіліктерді пайдалануға рұқсат берілген азаматтық тұтынушылар тізімін жасау, ақпараттық дерекқор құру» функциялары осындай топқа жатады. Агенттік төрағасының пікірінше, Қазақстанда аталмыш функцияларды коммерциялық құрылымдарға беру «жиіліктерді басқару жүйесіне басқаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді». «Біз осы бағыттағы нақты жұмыстарды жоспарладық, оларды таяу уақыттарда тиісті құжаттармен бекітуді көздеп отырмыз»,- деді Б.Қанешев.