Райм Ерке Есмаханға үйленгелі арықтап, 5 келі салмақ тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Райм Ерке Есмаханға үйленгелі арықтап, 5 келі салмақ тастаған

Райм Ерке Есмаханға үйленгелі арықтап, 5 келі салмақ тастаған

Әнші Ерке Есмахан күйеуінің жүдеп кеткенін айтып, денсаулығына алаңдап қалды.

  • 31 Наурыз 2023
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басқалар артық салмақтан арыла алмай жүрсе, Ерке Есмахан Райымның жүдеп кеткенін айтып, салмақ қосудың амалын таппай әлек.

“Қыздар, жолдасымды қалай семіртемін, соны айтыңдаршы? Үйленгелі стрестен 5 келіге арықтады.  Одан концертпен бір ай жүріп, тағы салмақ тастады. Енді семіртемін деп отырғанымда Ораза басталды. Екеуіміздің де семіруден арықтауымыз тез. Үйленгенімізге екі ай болды, ұят тіпті. Ал, көмектесіңдер”, – деп жазды Ерке Есмахан.

Оқырмандардың кеңесі өнер иесін таңғалдырмай қоймады.

“Сыра ішсін дегендеріңіз қалай кетті? Ақыл айтуға келгенде қазақтарды тоқтата алмайсың-ау. Семіру үшін тура жолдан тайып, одан соң ішуді қойдыра алмай жүрмейін. Бәлесінен аулақ, арық боп жүре берсін”, – дейді әнші.


Ерке Есмаханның салмақ қосып, толықсығанын байқаған желі қолданушалары жақсы жаңалықтың да ауылы алыс емес деп болжаған.

“Аяғыңыз ауыр болған соң толыққансыз” деп құттықтап жатқандарға рахмет! Тілектеріңіз қабыл болсын. Хабар болса, бірінші боп сіздермен бөлісемін, Алла бұйырса”, – деп жазды өнер иесі.

 

Соңғы жаңалықтар