"Райымбекпен жыныстық қатынасқа түстің ба?": Бишімбаевтың телефонынан Нүкенованы сұраққа алған видеолар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Райымбекпен жыныстық қатынасқа түстің ба?": Бишімбаевтың телефонынан Нүкенованы сұраққа алған видеолар табылды

"Райымбекпен жыныстық қатынасқа түстің ба?": Бишімбаевтың телефонынан Нүкенованы сұраққа алған видеолар табылды

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев телефонының құпиясөзін айтты.

  • 22 Сәуiр
  • 189
Фото - Caravan.kz

Оның телефонын қарау барысында марқұм Салтанат Нүкенованы мәжбүрлеп, сұрақтың астына алған ондаған видео анықталды.

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Видеода марқұм Салтанат Нүкенова жерден әлденені іздеп жатыр. Дауысы Қуандық Бишімбаевтың дауысына ұқсас ер адам оған “ізде” деп айқайлап, былапыт сөздермен боқтайды. Видео 8-9 қараша күндері түсірілген.

Бишімбаевтің телефонындағы тағы бір видеода ер адам: Сен онымен жаттың ба? Райымбекпен? — дейді.
— Салтанат: Иә
— Көңілдесі болдың ба? «Онымен жыныстық қатынасқа түстің бе? Не үшін? Ақша керек болды ма?
— Жоқ

— Тағы да айт, мен онымен төсектес болдым де. Мойында — деген дауыстар естіледі

Айыпталушы Бишімбаев судьяға «Бұл монтаж болуы мүмкін, телефонды ашып, бәрін жүктеп алған шығар» деген уәж айтты.

Судья жәбірленушіге бұл видеоларды көрмеуге кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар