Рахат Әлиев өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рахат Әлиев өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Рахат Әлиев өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Рахат Әлиев осы айдың 5-де Вена әуежайында ұсталған еді. Оған “Нұрбанктің” топ-менеджерлерін өлтірді және белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс берді деген айыптар тағылғаны мәлім. Әлиевтің тағдырын шешетін сот процесі 2015 жылдың қаңтарында басталуы ықтимал. Австрия заңы бойынша, ол айыпты деп танылса, 20 жылдан өмір бойына дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Бұл істі 11 адамнан тұратын алқабилер соты қарайтын боп шешілді. Оның үшеуі кәсіпқой судьялар. Қалай болғанда да, Рахат Әлиев Қазақстанға экстрадицияланбайды деп сенімді сөйледі адвокаты. Өйткені біздің елде әділ сот өткізілмейді деп бұған дейін 2 мәрте экс-елшіні экстрациялауға қарсы болған Австрия бұл жолы да сол ұстанымда қалатынына еш күмән жоқ дейді Манфред Айнедтер.

Фото - Caravan.kz