Жарияланды: 690

Рамазанда 22 сағат бойы ауыз бекітетін елдер белгілі болды

Рамазанда 22 сағат бойы ауыз бекітетін елдер белгілі болды

Швеция, Норвегия және Исландияның кейбір қалаларында мұсылмандар бұл Рамазан айында шамамен 22 сағат ауыз бекітетін болады, деп жазады ihsan.kz.

Стокгольм швед әлеуметтік істері және дін қызметтері атташесі Фатих Мехмет Каражаның мәлімдеуінше, Түркияның Дін істері басқармасының кестесіне сәйкес, Швецияның Кируна, Норвегияның Тромсо қалалары мен Исландияның астанасы Рейкьявикте ауыз бекіту уақытының ұзақтығы шамамен 22 сағат болмақ, ал Стокгольм, Осло, Копенгаген және Хельсинки қалаларында 20 сағат болады.

Рейкьявик қаласында өмір сүріп жатқан мұсылмандар Рамазанның алғашқы күнінде 21 сағат 38 минут ауыз бекітіп, Әлемдегі ең ұзақ ауыз бекіткен мұсылмандардан болса, Аргентинаның Ушуайа қаласындағы мұсылмандар 9 сағат 7 минут ауыз бекітіп, әлемдегі ең қысқа уақыт ауыз бекіткендерден болмақ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандықтар 17-18 сағатқа созылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін