Рақымшылық жасау азаматтарды ақтамайды – заңгер - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рақымшылық жасау азаматтарды ақтамайды – заңгер

Рақымшылық жасау азаматтарды ақтамайды – заңгер

Рақымшылық адамды ақтамайды.

  • 31 Қазан 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл пікірді Мемлекеттік прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы Сәбигүл Бекишева айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

 — Заңгер ретінде жаңалықты қалай қабылдадыңыз?

-Жақсы қабылдадым. Өйткені бұл жайт жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тұлғаларды  ғана емес, олардың туыстары мен жақындарына да әсер етті, олар да зардабын көрді. Бұл шешім олар үшін де қуаныш деп білемін.

 — Қабылданған заң жобасында кімдерге рақымшылық жасалмауы мүмкін?

Биыл қыркүйекте Мемлекет басшысы Жолдауында Заң және тәртіп бағдарында  «Заңды бұзғандардың көбі өз кінәсін түсініп, істеген істеріне өкініп отыр» деген еді. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын.

Шынымен де, бірқатар азамат жаппай ереуілшілерге еріп, заңды бұзғандарын кейін түсінді. Сол себепті ауыр, орташа және жеңіл қылмыс жасағандарға қатысты оң шешім қабылданды. Сонымен қатар  жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар, билікті асыра пайдаланған және қайталап қылмыс жасағандар, террористер мен экстремистер рақымшылыққа, яғни бұл тізімде қарастырылмағанын атап өткім келеді.

  — Парламент қабылдаған заң жобасының негізі неде? Бұл әлемдік тәжірибе ме?

-Біріншіден, заң негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде «Рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату» туралы 78-бап бар. Екіншіден, еліміздің рақымшылық жасауда тәжірибесі бар. Мәселен, бұған дейін мерекелік іс-шараларға – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына (2011 ж.), жиырма бес жылдығына (2016 ж.), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздігінің отыз жылдығына (2021 ж.) және басқа да мәселелерге байланысты рақымшылық жарияланған еді.  Ал бұл рақымшылықтың ерекшелігі тек Қаңтар оқиғасына қатысушыларға қатысты. Үшіншіден, әлемдік тәжірибеге сүйеніп жасалған. Рақымшылықты посткеңестік кеңістіктегі елдердің көпшілігі, сондай-ақ Австрия, Португалия, Румыния, Түркия, Египет, Франция, Латын Америкасы елдері қолданады.

— Ауыр қылмыстарды жасағандардың жазасын өтеу мерзімі қысқарды. Болашақта олар қандай жұмысқа орналаса алады?

-Рақымшылық адамды ақтамайды және оны ақтай алмайды, ол тек жазадан босатуға немесе оның мерзімін қысқартуға бағытталған. Сондықтан ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі азаматтар соттылығының болуымен байланысты бүкіл ауыртпалықты көтереді. Мысалы, мұндай азаматтарды барлық жұмыс берушілер жұмысқа алмайды. Атап айтқанда, олардың құқық қорғау органдарына немесе мемлекеттік қызметке алынуы екіталай. Бірақ өндіріске, құрылысқа немесе кәсіпкер болуға мүмкіндігі бар. 

Соңғы жаңалықтар