Бұл туралы сейсенбі күні Брюссельде НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен мәлім етті.
«Ресейдің іс-әрекеті тұтастай Еуроатлантика аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Біз оның салдарын мұқият зерттеуіміз керек», — деді ол альянсқа мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кездесуінде.
«Біз Еуропадағы қауіпсіздік саласында соны проблемаға кезіктік. «Қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін НАТО Ресеймен стратегиялық серіктестік орнатуға тырысты», — деп атап өтті А.Ф.Расмуссен.
«Бүгінде Ресейдің жауапсыз әрі заңсыз әрекеттері Еуропадағы тұтастық, еркіндік пен бейбітшілікке қауіп төндіріп тұр», — деп сендірді ол.
Бас хатшының пікірінше, Ресей «геосаяси мақсатына жету үшін шекараны бұзып, егемен елді тұрақсыздандыру үшін күш қолдануға дайын екенін көрсетіп берді».