Ресей атынан соғысқан 3 қазақ қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей атынан соғысқан 3 қазақ қаза тапты

Ресей атынан соғысқан 3 қазақ қаза тапты

Ресейге жалданған жауынгер, әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды соғысқа белсенді тартушылардың бірі Вячеслав Третьяков Украинада Ресей жағында соғысып жүрген 3 қостанайлықтың көз жұмғанын хабарлады. Бұл туралы Арлен Батенов есімді желі қолданушысы жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

  • 6 Маусым 2022
  • 76
Фото - Caravan.kz

«Бүгін соғысқа ерікті қатысушы қазақстандықтар арасында алғаш рет бірнеше адам қайтыс болды. Менің Қостанайдан келген 3 жерлесім Харьковта жарылған минаның астында қалып, көз жұмды. Біз қайда бара жатқанымызды білдік. Түбінде жеңіске жетеміз және дұшпанды талқандаймыз! Мен бауырларымды мақтан тұтамын, олар нағыз ерлік көрсетті» делінген оның әлеуметтік желідегі жазбасында.

Оның айтуынша, Третьяков Қостанайда туған. Сонда күзетші, жүк тасымалдаушы, ушудан жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Донбаста соғысқа қатысқан, Украина базасында әскери қылмыскер ретінде тіркелген.

Orda.kz тілшісінің хабарлауынша, оның достарына жүргізілген талдау нәтижесі Ресейдің империялық саясатын көрсетеді. Әлеуметтік желіде олар пәтерлерінде РФ туын ұстап, Донбас үшін соғысуға үгіттейді, украиндықтарды өлтіруге шақырады. Сөйте тұра Қазақстанда тыныш өмір сүріп, жұмыс істеп жатыр.


«Осындай Ресейді жақтайтын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін топтар өте көп. Олар рашизмді ашық насихаттайды, қазақстандықтарды Украинадағы соғысқа тартып жатыр, сондай-ақ Қазақстанды Ресейге қосуды белсенді қолдайды» делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар