Ресей БАҚ-тарына шолу: Қазақстандық тележүргізушіні ресейліктер мазақ етті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей БАҚ-тарына шолу: Қазақстандық тележүргізушіні ресейліктер мазақ етті

Ресей БАҚ-тарына шолу: Қазақстандық тележүргізушіні ресейліктер мазақ етті

Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

  • 22 Қаңтар 2019
  • 2249
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы ресейлік БАҚ-тарына шолу жасады.

Қазақстандық тележүргізуші желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Қазақ тілінде тез сөйлеген жүргізушінің сөзін жұрт тоқтап қалған моторға ұқсатты, — деп жазады 360tv.ru басылымы.

Бұл видео әлеуметтік желіде желдей есіді. Қазақ телевизиясының маманы қазақ тілінде қандай да бір фразаларды айтады.

Тележүргізушінің қазақ тілінде айтқанын жұрт күлкілі видеоға балап, бейнежазба 116 мыңнан астам қаралым жинаған.

“Бейнежазба өте күлкіге, расымен де адамға күлкі сыйлайды екен”, — деп пікір қалдырды оқырмандар.

Шығыс Қазақстанда жүздеген көлік қардың астында қалды

Алматы-Өскемен тас жолында көліктер кептелісте қалып қойды. Жолда 196 автокөлік, оның ішінде 10 автобус және 43 жеңіл көлік қалған.

Бұл туралы
Российская газета
басылымы жазады.

Жолды тазартатындар жолдың тек бір жолағын ғана тазалаған. Жолды қардан тазалау жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Аягөз қаласына 35 көлікті жіберуге рұқсат берген. Сонымен қатар, 312 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні қар құрсауынан Алматы-Өскемен тас жолы жабылған еді. Жолды қардан тазалау үшін 700 адам мен 231 техника жұмылдырылған.

Денис Теннің анасы істің қайта тергелуін сұрады

Марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тен істің қайта тергелуін сұрады.

Бұл туралы Москва 24 телеарнасы хабарлайды.

Денис Теннің анасының айтуы бойынша, кейбір істер дұрыс қаралмаған.

“Тергеу жұмыстарын қайта қарап, әділ үкім шықсын. Біз үшін осы маңызды емес пе? Жағдайдың осынша қиын болғаны ма?”, — деді Оксана Тен.

Соңғы жаңалықтар