Ресей БАҚ-тарына шолу: Қазақстанға демократияға қажет пе? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей БАҚ-тарына шолу: Қазақстанға демократияға қажет пе?

Ресей БАҚ-тарына шолу: Қазақстанға демократияға қажет пе?

Ресейлік БАҚ Қазақ елі жайлы не жазуда?

  • 29 Сәуiр 2019
  • 57
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы ресейлік БАҚ-тарына шолу жасады.

Познер: Қазақстанға демократияның қажеті жоқ

Тележүргізуші Владимир Познер бұрынғы КСРО елдерінің демократияға мұқтаж екендігі туралы мәселе бойынша өз көзқарасын білдірді, деп жазады Posner Online.  

"Құрметті, Владимир Владимирұлы! Михаил Погребинский мырзамен болған «Познер» бағдарламасы кезінде Өзбекстанға демократияның қажеті жоқ екенін айтқан едіңіз. Постсоветтік елдерге демократияның қажеті бар ма? Ол елдер демократияға қаншалықты мұқтаж деп ойлайсыз?" – деп сұрақ қойды Бахром Раджабов есімді оқырман.

"Құрметті Бахром Раджабов, кейбір елдерге демократия расымен де қажет. Дегенмен де, Балтия, Армения, Молдавия, Ресей, Украина оған қоса Әзірбайжан, Қазақстан сынды елдерге, яғни Орта Азиядағы елдерге демократияның қажеті жоқ деп есептеймін, — деп жауап берді Познер.

Сөз соңында Познер демократияның қажет болатын уақыты әлі келмегенін, қажет туындайтын уақыт әлі болмағанын айтты.

ЕАЭО басшылары 29 мамырда Одақтың дамуына Назарбаевтың тәжірибесін қалай пайдалану керектігін талқылайды

29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мәжілісінде Еуразиялық экономикалық одақ мемлекет басшылары (ЕАЭО) Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың одақты дамыту тәжірибесін қалай пайдалану керектігін талқылайды, — деп жазады Tass.ru басылымы.


Бұл туралы сәуірдің 30-ы күні Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Ереванға сапары қарсаңында Ресей Федерациясының Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары Сергей Приходько журналистерге мәлімдеді, онда ЕАЭО үкіметаралық кеңесі 30 сәуірде өтеді.

Министрлер кабинетінің бірінші басшысының орынбасары Назарбаев 29 мамырда өтетін ЕАЭО мерейтойлық мәжілісіне қатысатындығын атап өтті.

«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің президенттері — Еуразиялық экономикалық интеграцияны әрі қарай дамыту мәселелерін іс жүзінде шешу үшін ЕАЭО аясында Назарбаевтың ерекше тәжірибесін қалай пайдалану керектігін талқылауды жоспарлап отыр», — деді Приходько.

Ержан Максим екінші орын алғанына ренжімейтінін айтты

“Голос дети” телебайқауында екінші орынға ие болған қазақстандық әнші Ержан Максим жеңіске жетпегеніне ренжімегенін айтады.

Бұл туралы Риа Новости порталы хабарлайды.

“Голос дети” жобасынан кейін мені туған жерім емес, енді бүкіл Қазақстан біледі. Оның үстіне инстаграм желісіндегі оқырмандарым да көбейді. Мені қолдаған барша жанға алғыс айтамын, байқау әділетті өтті деп ойлаймын деп жауап берді Ержан Максим.

Естеріңізге сала кетсек, “Голос дети” жобасында әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова 56, 5 пайыздық дауыспен жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар