Ресей елімізге бес зениттік-зымырандық кешен тарту етті
Ресейдің аяқ асты жомарттығы ұстап Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне қымбат сыйлық жасады. Мәскеу бізге тарту ретінде бағалы бес бірдей зениттік-зымырандық кешен жіберіпті. |
Көршілеріміз сыйлаған С-300 ПС кешені темір жол арқылы Алматыға жақын орналасқан «Жетісу» станциясына жеткізілді. Мұндай құрылғы қазір Астана, Алматы, Ақтау және Шымкент маңына қойылған. Ал жаңадан келген техника алдымен әскери жаттығуда сынақтан өтеді. Жалпы, С-300 ПС зениттік-зымырандық кешені әуе кеңістігін кез-келген қауіп-қатерден қорғауға арналған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін