"Ресей ешкімге тізе бүкпеген, ешкім тізе бүктіре де алмайды": Ресейде қазақтарға ескерткіш тақта орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ресей ешкімге тізе бүкпеген, ешкім тізе бүктіре де алмайды": Ресейде қазақтарға ескерткіш тақта орнатылды

"Ресей ешкімге тізе бүкпеген, ешкім тізе бүктіре де алмайды": Ресейде қазақтарға ескерткіш тақта орнатылды

Украинада қаза тапқан қазақтарға Ресейде ескертккіш тақта орнатылды.

  • 13 Желтоқсан 2022
  • 698
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Грамоты Ярослава Telegram арнасында айтылды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ресей тарихынан белгілі, Ресейді ешкім тізе бүктірмеген, тізе бүктіре де алмайды. Осындай жігіттер барда, осы балаларды өсірген аналар барда солай болады. Рахмет",- деді сөз алған аналардың бірі.

Негізінен дені қазақтар тұратын Астрахань облысының Володарский ауылында арнайы операцияда қаза тапқандарға әскери ескерткіш орнатылды. Ол жерге осы ауылдан Украина жеріне майданға бірге аттанған жігіттер Замир Дошанов, Нұрлан Қарасаев, Нұрлан Нұрғалиев және Дамир Айтқазиев жерленді. Бірге ант қабылдаған қазақ жігіттері бірге жер қойнына тапсырылды.

«Дошанов Замирді бала кезден білемін. Өте пысық бала болатын. Ерте кеткені өкінішті. Бірақ ол батыр»,
— дейді ұстазы Роза Баярстанова.

Еске салсақ, Ресей Украинаға қарсы арнайы операция (Өздерінің айтуы бойынша) өткізіп жатыр. Жақында елді жартылай мобилизация өткізілді. 300 мыңдай адам әскерге алынды. Аталған соғысқа Ресейде тұратын қазақар да көптеп қатысып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар