Ресей Каспий теңізінің табанын орта сызық арқылы бөлісу туралы көзқарасынан ауытқымайды - РФ сыртқы істер министрінің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Каспий теңізінің табанын орта сызық арқылы бөлісу туралы көзқарасынан ауытқымайды - РФ сыртқы істер министрінің орынбасары

Ресей Каспий теңізінің табанын орта сызық арқылы бөлісу туралы көзқарасынан ауытқымайды - РФ сыртқы істер министрінің орынбасары

Ресей Федерациясы Каспий теңізінің мәртебесін айқындау мәселесіндегі ең оптимальды үлгі болып табылатын теңіздің табанын модификациялық орта сызық арқылы бөлісу туралы табанды көзқарасынан ауытқымайды. Бұл туралы Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Виктор Калюжный мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде KZ-today тілшісіне РФ сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 21 Шiлде 2003
  • 666
Фото - Caravan.kz

В.Калюжныйдың айтуынша, теңіздің тек тереңі ғана бөліске түсуге тиіс, ал оның акваториясы теңізді қоршай орналасқан мемлекеттердің ортақ меншігінде қалады.

Каспий теңізінің мәселесін арифметикалық жолмен шешіп, барлығына бірдей 20 проценттен үлестіру жөніндегі Иранның ұсынысын Ресей құптамайды,- деді РФ сыртқы істер министрінің орынбасары. «Теңіздің тереңін орта сызық арқылы бөлісу — ең әділетті шешім. Осындай жағдайда Ресейдің үлесіне теңіз тереңінің небәрі 19 проценті, ал Қазақстанға 29 проценті бұйырады. Бірақ соған қарамастан біз бұны Иран секілді мүддеге қысымшылық жасау ретінде қарастырмаймыз»,- деді В.Калюжный.
Жалпы алғанда , В.Калюжныйдың айтуынша, Каспий теңізіндегі ахуал қолайлы қалыптасуда. Атап айтсақ, Ресей, Қазақстан және Әзербайжан арасындағы энергетика саласындағы ықпалдастық мәселесі шешімін тапты. 2003-жылдың маусым айының соңында аталмыш үш мемлекет арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. «Қазір Каспий теңізіндегі бизнес пен инвестицияға жол ашық. Ал Ресей өз тарапынан Каспийдің қуат көздері өз аумағы арқылы өтуі үшін бар күшін салады»,- деді В.Калюжный.
Оның айтуынша, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияның жобасы шілденің 22-24-жұлдызында Мәскеуде өтетін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланады. В.Калюжныйдың айтуынша, Конвенция мәтінінің 40 проценті қазіргі жағдаймен келісілді. Сонымен бірге отырыста қоршаған ортаны қорғау, метеорология және кеме қозғалысына қатысты Конвенциямен тамырлас мәселелер қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар