Ресей мен Қазақстан Байқоңырды инновациялық орталыққа айналдыруды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстан Байқоңырды инновациялық орталыққа айналдыруды көздеп отыр

Ресей мен Қазақстан Байқоңырды инновациялық орталыққа айналдыруды көздеп отыр

Ресей мен Қазақстан Байқоңырды инновациялық орталыққа айналдыруды көздеп отыр.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 831
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысында Ресей Федерациясы премьер-министрінің бірінші орынбасары Олег Шувалов мәлім етті.

«Жақында ғана Байқоңырды дамыту бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті. Ресей тарапынан комиссия делегациясын вице-премьер Дмитрий Рогозин басқарады. Байқоңыр инновациялық орталық ретінде дамитындығына үміт артудамыз. Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы да дамытылатын болады. Ресей Федерациясы «Байқоңыр» ғарыш айлағын дамыту бойынша үлкен жоспарлар жасауда. Ресей президенті «Восточный» жаңа ғарыш айлағына көп қаражат бөлінетіндігіне қарамастан, Қазақстанмен бірге Байқоңырдың дамуына да үлкен инвестициялар құйылатынын әрдайым айтып келеді», — деп атап өтті ол.