Бейжіңде өткен Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық ықпалдастығы саммиті аясында жүргізілген келіссөздер барысында екі ел басшылары Қытай мен Ресейдің ортақ мүддесін талқылады.
«Біз Ресей-Қытай достығының жасыл ағашын бірге күтіп, баптадық, енді күз түсті, оның жемісін жейтін уақыты келді», — деді ҚХР төрағасы.
В.Путин өз сөзінде екіжақты қарым-қатынас екі ел азаматтарының байланысын нығайтатынын атап өтті.
Ол Ресей мен Қытайдың сауда айналымы ағымдағы жылдың 9 айында 7 пайзыға артқанын тілге тиек етті. «Бұл — жақсы көрсеткіш. Біздің еңбегіміз зая кетпеді деген сөз», — деді В.Путин.