"Ресей мен Украина мәмілеге келіп қалуы мүмкін": Белгілі нумеролог 2023 жылға болжам жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ресей мен Украина мәмілеге келіп қалуы мүмкін": Белгілі нумеролог 2023 жылға болжам жасады

"Ресей мен Украина мәмілеге келіп қалуы мүмкін": Белгілі нумеролог 2023 жылға болжам жасады

"Күз айларына таман өраа соғысып жатқан Ресей мен Украина бір мәмілеге келіп қалуы мүмкін". Бұл туралы белгілі нумеролог Құралай Бақыт айтып берді. Алдағы жыл тағы несімен ерекше? Нумеролог 2023 жылға болжам жасаған еді.

  • 15 Желтоқсан 2022
  • 90
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, келер жылдың саны — "7", деп хабарлайды Caravan.kz.

"Бұл – тұрақсыз сан. Осы жылы тұрақтылықты күтпей-ақ қою керек. Энергетика, қаржылық жағы болсын бәрі толқып тұрады. Оның тағы бір себебі Қытай күнтізбесі бойынша келер жылдың стихиясы – су. Стихия адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Су сияқты үнемі қозғалыста боламыз. Көп адамдар жұмыс орнын, қоныс ауыстыруы мүмкін.

Бұл жыл технология, инновация дамитын кез. Жылдың кемшіл тұсы экономика, әлеуметтік жағдай мәз болмайын деп тұр. Адамдар көп күйзеліске түсетін болады.

Ақпан айы ауыр өтеді. Көп адамдар осы айда сынаққа түсуі мүмкін.

Ең жақсы айлардың бірі – наурыз айы.

Жылдың плюсі: көрші елдердегі жағдай күз айларына таман шешімін тауып, соғысып жатқан Ресей мен Украина мәмілеге келіп қалуы мүмкін.


Артқа шегініп, 7 санымен келген жылдарды қарайтын болсақ, мұндай жылдары көбіне президенттер ауысқан екен. Сондықтан, 2023 жылды президенттер үшін оңайға соқпайын деп тұр.

2023-те жер сілкінісі болуы мүмкін.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық былтырғыдан қарағанда азаяды.

Алдағы жылы дүниеге келетін балалар уайымшыл, дегенімен, интуициясы жоғары болып дүниеге келеді.

2023 отбасын құруға, отбасылық қарым-қатынасты реттеуге оңтайлы жыл.

Үлкен өзгерістер орын алатын ай – шілде", — деп түйіндеді Құралай Бақыт.

Соңғы жаңалықтар