Ресей премьер-министрі: Мәскеу Астанамен ЕАЭО-тағы ынтымақтастығын жандандыруға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей премьер-министрі: Мәскеу Астанамен ЕАЭО-тағы ынтымақтастығын жандандыруға дайын

Ресей премьер-министрі: Мәскеу Астанамен ЕАЭО-тағы ынтымақтастығын жандандыруға дайын

Ресей Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында Қазақстанмен ынтымақтастығын жандандыруға дайын, деп мәлімдеді Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 363
Фото - Caravan.kz

Дүйсенбі күні Д.Медведев Нұрсұлтан Назарбаевты ҚР Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп жазды РИА Новости.

"Ресей мен Қазақстанды біріктіретін достық, тату көршілік және серіктестікті нығайтуда қосқан үлесіңізді, түрлі салада ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыратыныңызды бағалаймыз. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында қазақстандық серіктестермен кооперациялық байланыстарды ұлғайтудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын ынтымақтастықты жандандыруға дайынбыз", — делінген Ресей үкіметі басшысының құттықтау хатында. 
Д.Медведев Назарбаевтың сайлауда жеңіске жетуі оның стратегиялық бағыты қазақстандықтар тарапынан зор қолдауға ие болғанын көрсеткенін атап өтті. 
"Сіздің басшылығыңызбен республика әлеуметтік-экономикалық даму, азаматтарының жағдайын жақсарту жолымен алға жылжиды деп сенемін", — делінген үкіметтің баспасөз қызметі келтірген РФ үкімет басшысының құттықтау хатында.