Жарияланды: 430

Ресей Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Бүгін Ресей Президенті Дмитрий Медведев шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді.

ШЫҰ елдері басшыларының осы ұйымның 10 жылдығына арналған кездесуі бүгін кешкісін мерекелік шаралар мен салтанатты қабылдаудан басталады. Сәрсенбі, 15 маусым күні ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің ресмиотырысы жоспарланған. Ол алдымен жеке құрамда, содан кейін Ұйымға кіретін елдердің басшыларымен, бақылаушы елдер - Үндістан, Иран, Монғолия, Пәкістан делегацияларының басшыларымен өтеді. Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті Астанада 14-15 маусым күндері өтеді. Қазіргі кезде ШЫҰ-ға Ресей, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері кіреді. Қонақ ретінде Ауғанстан Президенті Хамид Карзай мен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов шақырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін