Ресей құрамасы қысқы Олимпиада ойындарынан шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей құрамасы қысқы Олимпиада ойындарынан шеттетілді

Ресей құрамасы қысқы Олимпиада ойындарынан шеттетілді

Ресейдің олимпиада комитеті дисквалификацияланды.

  • 6 Желтоқсан 2017
  • 150
Фото - Caravan.kz

ХОК атқарушы комитеті Лозаннадағы арнайы отырыстың қорытындысында 9-28 ақпанда өтетін Пхенчхан қысқы Олимпиада ойындарынан Ресей құрамасын шеттету туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алайда «қатаң допинг шарттарына» сай ресейлік спортшылар олимпиада туымен қысқы ойындарға қатыса алады.

«Шақырылған спортшылар «Ресейлік Олимпиада спортшысы» атаумен олимпиада туы астында жарысқа түседі. Әрбір марапаттау рәсімінде олимпиада туы көтеріліп, әнұраны орындалады», — деп көрсетілген ХОК баспасөз хабарламасында.

Ресейдің олимпиада комитеті дисквалификацияланды. ХОК баспасөз хабарламасында 2014 жылы Сочи олимпиадасы кезінде Ресейдің «допинг сынамаларын ауыстыруы» мен «допинг жүйесін қолданғаны» жарыстан шеттеуге себеп болған.


Соңғы жаңалықтар