Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялыр қызметінде өткен брифинг барысында «Ресей» радиосы» мемлекеттік радиотарату компаниясының директоры «Қазақстан» республикалық телерадиокешені» АҚ жанындағы директорлар кеңесінің сараптамалық-консультативтік кеңес мүшесі Вячеслав Умановский мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Ресей» радиосы» «Қазақстан» ұлттық арнасымен бірлесе отырып, екі ірі жоба атқаруда. «Бұның бірі -Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітап жазбалары. Ал жаңа, толықтырылған Елбасының автобиографиясы «Ресей» радиосының» эфиріне алдағы дүйсенбіден бастап шығатын болады», — деді В.Умановский.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш жобаны Қазақстанның радиотыңдармандары да тыңдай алады.

