Ресей сарапшылары Ыстамбұл әуежайындағы жарылысты Ердоғанның кешірім сұрауымен байланыстырмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей сарапшылары Ыстамбұл әуежайындағы жарылысты Ердоғанның кешірім сұрауымен байланыстырмайды

Ресей сарапшылары Ыстамбұл әуежайындағы жарылысты Ердоғанның кешірім сұрауымен байланыстырмайды

 

  • 29 Маусым 2016
  • 432
Фото - Caravan.kz

Ресейлік сарапшылар Ыстамбұл әуежайындағы жарылысты Ердоғанның Ресей президенті Путиннен кешірім сұрауымен байланысты емес, деген пікірді сенімді түрде айтуда. Бұл туралы "Комсомольская правда" газеті жазды.

Олардың ойынша, соңғы кездері орын алған түрлі лаңкестік оқиғалар Сириядағы лаңкестердің немесе күрд содырларының ісі болуы мүмкін дегенге саяды.

Мәселен, Ыстамбұлдағы лаңкестікке байланысты Израиль жазушысы Авигдор Эскиннің ойы мынадай:  

«Кез келген лаңкестік оқиға бірнеше апта бойы дайындалады. Сондықтан орын алған жарылыс Ердоғанның кешірім сұрауымен байланысты емес. Жалпы, Түркия Сирия ісіне араласам деп өз еліндегі лаңкестікке есік ашып берді деп айтуға болады. Түркия өзі кінәлі. Енді кімді  кімнің жарып жатқанын анықтап көр» 

Семен Багдасаров, Таяу Шығыс және Орталық Азияны зерттеу орталығының директоры: «Кешірім сұраумен байланысты емес. Жарылыстың ерекшелігіне қарап ИШИМ немес Күрд жұмысшылар партиясы содырларының ісіне көбірек ұқсайды. Соңғыларының құрыққа көнбейтін жастары көп. Сондықтан Күрд жетекшілері сан мәрте  жас күрдттердің ісіне жауап бермейміз деген болатын»,- дейді.

Ал саясаттанушы Таймур Двидар: «Күрд содырларының ісі екеніне күмәнім жоқ. Бір кездері Эрдоған «Израилді жойып жіберем», деп уәде берген еді. Ал қазір ол Нетаньяхумен кездесіп, Түркияға зиян шеккізетін келісімдерге қол қойып жүр. Ыстамбұл әуежайындағы оқиға Түркия мен Израиль жетекшілерінің  ісіне қарсы жасалған жауап»,-деп сенімді жауап берді.


Еске сала кетсек, кеше ресей ақпарат құралдары Түркия президенті Реджеп Эродған Су-24 ұшақ апатына орай Путиннен  кешірім сұрады, деген ақпарат таратты.

Әйтседе, көп ұзамай Түркия басшысының баспасөз хатшысы Ибрагим Калын Владимир Путинге үндеу жіберілгенін растады. Бірақ ол жерде Ердоғанның «кешірім сұрағаны» жайлы  айтылмаған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2015 жылдың 24 қарашасында Түркмен тауының аймағында түрік ұшқышы ресей ұшағын атып құлатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар