Ресей шіркеуіне "қаржы бөлген" еліміздің Қорғаныс министрлігі жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей шіркеуіне "қаржы бөлген" еліміздің Қорғаныс министрлігі жауап берді

Ресей шіркеуіне "қаржы бөлген" еліміздің Қорғаныс министрлігі жауап берді

Ал көмек көрсету көлемі шамамен 1 миллион рубльді құраған еді.

  • 20 Мамыр 2019
  • 90
Фото - Caravan.kz

ҚР Қорғаныс министрлігінің Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің бас шіркеуінің құрылысына ақшалай қаражаттың бөлінуіне қатысты Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған "Ермекбаев шейіт кеткен аталарға шіркеуде дұға жасатпақ па?" деген мақалаға орай ресми жауап берді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің бас шіркеуінің құрылысына ақшалай қаражаттың бөлінуіне қатысты сұрау салуыңызды қарап, мынаны хабарлаймыз.

Бірқатар БАҚ-та көрсетілген мәліметтер дәйексіз болып табылады.

ҚР Қорғаныс министрлігі майданға қатысқан қазақстандық батырларларға тағзым ету мақсатында мұрағаттық материалдарды жинау бойынша ауқымды жұмыс атқарды және атқарып келеді. Осыған байланысты, Ресей Қорғаныс министрлігіне қазақстандық тарап электронды нұсқада фотосуреттер, қысқаша биографиялық мәліметтер, сондай-ақ ҰОС майданында қаза болған қазақстандықтардың ерліктері туралы тарихи деректер жолдады. Аталған материалдар «Еске алу жолы» галереясын құру кезінде қолданылады. Ұзындығы 1418 адымды құрайтын арнайы жол жиегінде миллиондаған адамның өмірін жалмаған сұрапыл соғыстың 1418 күні мен түні туралы естелік, ҰОС майданындағы ата-бабаларымыздың ерлігі туралы ақпараттық стендтер орналастырылады.

Микрофотосурет технологиясының көмегімен галерея Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге, посткеңестік дәуірдегі өзге де елдердің барлық ҰОС-қа қатысушылардың миллиондаған фотосуреттерімен безендіріледі. Конструкцияның негізгі мақсаты олардың ұлтына, дініне, атағына, ерлігіне, марапат мәртебесіне қарамастан, барша Жеңіс батырлары туралы мәңгілік ескерткіш болып табылады.


1941-1945 жылдардағы ҰОС-тағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге орай Қазақстан Республикасы тарапынан және ҰОС-қа қатысушыларды еске алуға арналған жобаға қатысуға Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің өтініші және ҚР Қорғаныс министрлігінің өтініші бойынша қазақстандық ұйымдардың бірі ақшалай қаражат бөлді.

Бұл қаражат бюджеттік емес, демеушілік болып табылады. Әдепке сай демеушілер есімдерін атамауды өтінді. Себебі, көмек пиар жасау үшін емес, батырларға мәңгілік ескерткіш орнату мақсатында көрсетілді.

Көмек көрсету көлемі шамамен 1 миллион рубльді құрады.

Сондай-ақ Отаны үшін шайқасқан қазақстандық жауынгер туысы бар әрбір азамат болашақ ұрпақтың игілігі үшін олардың жанқиярлық ерліктері туралы мәңгілік ескерткіш орнату мақсатында үйде сақталған мұрағаттан фотосуреттер мен қысқаша мәліметті өздігінен жіберуіне болатынын айта кету қажет.

Соңғы жаңалықтар