Ресей Сириядан әскер шығаруды бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Сириядан әскер шығаруды бастады

Ресей Сириядан әскер шығаруды бастады

Сирия президенті әкімшілігінің мәлімдеуінше, Ресейдің Сириядан негізгі әскер күшін шығару туралы шешімі елдер арасында келіспеушілік туындады дегенді білдірмейді, деп хабарлады «ВВС» агенттіг

  • 15 Наурыз 2016
  • 311
Фото - Caravan.kz


«Мәскеудің бұл қадамы Дамаскімен келісілді және біраз уақыт егжей-тегжейлі зерделенді», — делінген «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі Башар Асад әкімшілігінің парақшасында.

Дүйсенбі кешке Владимир Путин Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуде Ресей әскері қойылған міндеттерді орындағандықтан осындай шешім қабылданғанын айтып, Сириядан негізгі әскери күштерді шығаруды бұйырды.

Әскерді шығару 15 наурызда басталды.

Сонымен бірге, Сирия қорғаныс министрлігі Мәскеудің әскер санын азайту шешімі Сирияда кей бағыттарда айқас аяқталғаннан кейін екі тарап арасындағы жағдайды үйлестіру үшін қабылдағанын растады, деп мәлімдеді Рейтер.