Ресей театрында операның жаңа түрі қойылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей театрында операның жаңа түрі қойылмақ

Ресей театрында операның жаңа түрі қойылмақ

Ресейлік режиссер Юрий Александров опера-митинг деп аталатын жаңа опера жанрын ойлап тапты. Оның ерекшелігі музыкалық-драмалық қойылымға көрермен де қатысады, деп хабарлайды «РИА Новости».

  • 10 Шiлде 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz

Театр әкімшілігінің хабарлауынша, "Санктъ-Петербургъ Опера" театрында ерекше қойылым, «Крым» операсының премьерасына дайындық жүріп жатыр. Қойылым идеясының авторы, режиссері — театрдың шығармашылық жетекшісі, Ресей халық әртісі Юрий Александров.

«Айта өту керек, бұл жерде басты назар аударатын мәселе — Ю.Александров жаңа опера жанрын жасаушы болып отыр» делінген хабарламада.

«Крым» опера-митингісінде көрермен драмалық шығармаға қатыса отырып, тарихи оқиғалардың куәсі болмақ. Шығармада орыс-түрік соғысы, Ұлы Отан соғысы және бүгінгі «Майдан» оқиғасы баяндалады.

«Біз спектакльде қазіргі кездегі оқиғаларға шығармашылық көзқараспен қараймыз. Оның мазмұны — қарапайым адамдар туралы. Олардың үндемей қалуға болмайтын жан жарасы жайында. Қойылым жүректерді тебірентіп, адамгершілік сезімді оятады деген үміттемін», — дейді Ю.Александров.