Ресей тұрғыны бұрынғы әйелі мен екі баласын тірідей өртеп жібермек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей тұрғыны бұрынғы әйелі мен екі баласын тірідей өртеп жібермек болған

Ресей тұрғыны бұрынғы әйелі мен екі баласын тірідей өртеп жібермек болған

Ресейде Сотниково аулының тұрғыны бұрынғы әйелі мен екі баласын үйге қамап, тірілей өртеп жібермек болған.

  • 27 Мамыр 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам ұзақ уақыт бойы бұрынғы әйелін қайтарғысы келген, бірақ жұбайы келіспепті. Бір күні ол әйелінің үйіне мас күйінде барып, қорқыта бастаған. Бұрынғы әйелі оны қуып жіберген, кек алу үшін ер адам аулада жатқан талшықты өртеп, диванға лақтырып жіберген. Бұған қоса, ол бұрынғы әйелі мен балалары қашып шықпауы үшін үйдің есіктерін тормен және тақтаймен бекітіп тастаған.

Келіншектің айтуынша, күйеуі тығылуды да ойламай, күліп, өртті тамашалаған. Сол кезде өртеніп жатқан үйге жақын жерде болған студенттер көмекке келген. Олар есікке бекітілген торларды ағытып, әйел мен балаларды шығарған.


Зардап шеккен әйел бұл үйді ана капиталынан түскен қаражатқа салғанын, қазір баспанасы жоқ екенін айтты. Анасы мен балаларын достары паналатқан.

Соңғы жаңалықтар