Ресей ТЖ министрлігінің ұшақтары Непалдан Қазақстан азаматтарын алып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей ТЖ министрлігінің ұшақтары Непалдан Қазақстан азаматтарын алып шықты

Ресей ТЖ министрлігінің ұшақтары Непалдан Қазақстан азаматтарын алып шықты

Бастапқы болжамдар бойынша, Ресей ТЖ министрлігінің ұшақтары Непалдан Қазақстанның жеті азаматын алып шықты.

  • 30 Сәуiр 2015
  • 285
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында СІМ ресми өкілі Алтай Әбиболлаев хабарлады.
Алайда, қазақстандық жолаушылар туралы мағлұматтар өзгеруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
А.Әбиболлаевтың айтуынша, Мәскеуге жеткен жерлестерімізге консулдық-құқықтық кеңес пен жан-жақты көмек көрсетіледі. “Олар қалауынша елшілік жанындағы отельге орналастырылады немесе елге қайтады”, — деді Әбиболлаев.
“Непалда басқа да азаматтарымыз қалған болуы мүмкін. Ұшақтар ұшып шыққанға дейін ондағы отандастарымыздың саны 18 болатын. Алдағы уақытта бұл мәліметтер өзгеруі мүмкін”, — деп қосты ол.
Ресми өкіл ресейлік серіктестерге Қазақстан азаматтарын қауіпті аймақтан алып шығуға көмектескені үшін алғыс білдірді.