Ресей Украинамен жаңа келіссөздерге дайын - Кремль - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Украинамен жаңа келіссөздерге дайын - Кремль

Ресей Украинамен жаңа келіссөздерге дайын - Кремль

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік шенеуніктер Украинамен келіссөздердің екінші раундын өткізуге дайын екенін айтты.

  • 2 Наурыз 2022
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Мәскеу Батыс елдерінің Ресей экономикасына нұқсан келтіру үшін енгізген шараларына қатаң әрі нақты жауап беруі керек, деді Кремль өкілі.

"Бүгін түстен кейін біздің делегация украиналық келіссөз жүргізушілерді күтеді. Бізге украиналық келіссөз жүргізушілер келе ме, жоқ па белгісіз. Бірақ, келеді деп үміттенеміз. Біздің келіссөз жүргізушілер дайын, белгіленген уақытта сол жерде  болады", — деді Песков.

Песков келіссөздер өтетін орынды алдын ала айтпайтынын ескертті. Ол сондай-ақ Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский Украинамен келіссөз жүргізетін негізгі өкіл болып қала беретінін айтты.


 

Соңғы жаңалықтар