Жарияланды: 420

Ресей ұшағы құлаған соң Қазақстан да Мысырға ұшудан бас тартпақ

Қазақстан да Мысырға ұшудан бас тартпақ. Азаматтық авиация комитеті әуе компанияларына осы елге қатынайтын рейстерін бүгіннен бастап тоқтатуды ұсынды. Енді Мысырда тыныққанды жаны қалайтын туристер перғауындардың пирамидасын жақын арада көре алмайтын секілді.

Себебі Авиация комитеті шектеудің қашанға дейін созылатынын хабарламаған. Бірақ тыйымға қарамастан кейбір туроператорлар жолдама саудасын әлі қыздырып жатыр. Мысырға барамын деушілерге 5 жұлдызды қонақ үй, жайлы демалыс ұсынуда. Дегенмен, турагенттіктерге Авиация комитеттің талабын орындауға тура келеді. Қазір, оларды Мысырда қалып қойған туристерді елге қайтару мәселесі ойландырып отыр. Негізі тыйымға 224 жолаушы көз жұмған Ресей ұшағының апатқа ұшыруы себеп. Бұған дейін пирамидалар еліне ұшуға алдымен Ұлбыритания , Нидерланд, кейін Ресей тыйым салған болатын. Отандастарымыздың қауіпсіздігін ойлаған Авиация комитеті де осы қадамға баруға мәжбүр.

Әсел Нұркебаева, Туристік агенттіктер қауымдастығының президенті:

-Дәл қазір Мысырда 235 отандасымыз демалып жүр. Оларды елге қайтарған соң, келер сейсенбіден бастап рейстер тоқтайды. Ал, бұл елге шаруамен міндетті түрде баруға тиіс азаматтарымыз Стамбул арқылы ұшуына болады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін