Ресей үшін Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы қарым-қатынасты дамыту - тың мүмкіндіктерге, соның ішінде Сібір аймағын дамытуда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады - РФ президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей үшін Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы қарым-қатынасты дамыту - тың мүмкіндіктерге, соның ішінде Сібір аймағын дамытуда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады - РФ президенті

Ресей үшін Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы қарым-қатынасты дамыту - тың мүмкіндіктерге, соның ішінде Сібір аймағын дамытуда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады - РФ президенті

Ресей үшін Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы қарым-қатынасты дамыту - тың мүмкіндіктерге, соның ішінде Сібір және Қиыр Шығыс аймағын дамытуда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин 19-21-қазанда Тайланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ынтымақтастық ұйымының іскерлік саммитінде атап көрсетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ президентінің баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 20 Қазан 2003
  • 674
Фото - Caravan.kz

Іскерлік саммитке қатысу — Ресей экономикасына қазірдің өзінде елеулі пайда әкеле бастады деді РФ президенті. Әлемнің көптеген елдері Ресейді сенімді әрі келешегі зор әріптес ретінде таниды.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ынтымақтастық ұйымы форумының, соның ішінде оныі іскерлік бөлімінің басты мақсаты- аймақ тұрғындары үшін жаппай қолайлы жағдай жасау болмақ. Осыған байланысты В.Путин бірқатар елдердің экономикалық дамуындағы айырмашылықтарға алаңдаушылық білдірді. «Ахуалды сауықтырудың бір жолы — барлық мемлекеттер мүддесінің жүйелі тепе-теңдігі негізінде инвестициялық режимдер мен сауда-саттықты либерализациялау болмақ»,- деп мәлімдеді В.Путин.
Өз сөзінде РФ президенті Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі, өз елінің Жалпы Ішкі өнімінің мөлшерін екі есе арттыру, лаңкестікпен күрес мәселелеріне де тоқталып өтті.

Соңғы жаңалықтар