Жарияланды: 330

Ресейде 17 жыл іздеуде жүрген қазақстандық Алматы облысында ұсталды

Ресейде 17 жыл іздеуде жүрген қазақстандық Алматы облысында ұсталды

Денсаулыққа әдейі ауыр зақым тигізіп, адамды өлтіріп алды деген күдікпен ер адамға РФ Кострома қаласының  полицейлері біраз уақыт бұрын іздеу жариялаған.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, Кострома қаласында аталған факт бойынша қылмыстық іс 1997 жылдың желтоқсанында қозғалған.

Белгілі болғандай, қылмыстық іске 59 жастағы Алматы облысы тұрғынының қатысы бар. Оған ағымдағы жылы халықаралық дәрежеде іздеу жарияланды. 

Аймақ полицейлері іздеуде жүрген адам Ескелді ауданындағы кенттердің бірінде екенін анықтады. Ресейлік полицейлерге күдіктінің ұсталғаны жөнінде хабарланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін