Жарияланды: 360

Ресейде 4 жасар бала әкесінің тапаншасымен өзін атып салды

Ресейде 4 жасар бала әкесінің тапаншасымен өзін атып салды

Ресейдің Кемерев облысы Междуреченск қаласында 4 жасар бала «Оса» маркалы травматикалық тапаншамен өзін атып, жараланды, деп хабарлады newstes.ru. 

Оқиға 16 қазан күні орын алды, деп хабарлайды Кемеров облысы бойынша тергеу комитетінің тергеу басқармасынан. 
Тапаншамен ойнап отырып, өзіне оқ атқан бала басынан жараланып ауруханаға жеткізілді. Оған бас сүйек-ми жарақатын алған және көзі зақымданған деген диагноз қойылды. Ведомствоның хабарлауынша, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалды. Қазір дәрігерлер оны көз аурулары бөліміне ауыстырған. 
Қаруды бала әкесінің сырт киімінің қалтасынан алған. Әкесінде қару сақтау және ұстау бойынша қажетті барлық құжаттар бар екені айтылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін