Ресейде асаба үйлену тойы кезінде қалыңдықты тонап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде асаба үйлену тойы кезінде қалыңдықты тонап кеткен

Ресейде асаба үйлену тойы кезінде қалыңдықты тонап кеткен

Чувашия полициясы үйлену тойы кезінде қалыңдықтың айфоны мен қымбат әшекейлерін ұрлап кеткен Татарстаннан келген асабаға қарсы қылмыстық іс қозғады.

  • 4 Мамыр 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы республикалық ІІМ сайтында жарияланған, деп хабарлады Lenta.ru.

«Зардап шегушілер өткен жылғы тамыз айының соңында үйлену тойы үстінде қалыңдықтың алтын әшекейлері салынған қол сөмкесі мен айфоны ұрланғаны туралы полицияға шағымданған», — делінген хабарламада.

Келтірілген залал 50 мың рубльден асқан.


Тергеу амалдарын жүргізу нәтижесінде күдіктелген татарстандық 24 жастағы әртіс Чувашияға айдауылмен жеткізілді, сол жерде ол ұрланған смартфонды иесіне тапсырды.