Жарияланды: 440

Ресейде азық-түлік өнімдерінің бағасы төрт есе өсті - Росстат

Мәскеу. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ресейде азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуі қаңтар-қазан айларында 14,9% құрады, бұл Еуропалық Одақтағы азық-түлік өнімдері бағасының өсімінен 4 есе артық, деп хабарлайды агенттік тілшісі Росстат хабарламасына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері азық-түлік өнімдерінің бағасы ЕО елдерінде ең айтарлықтай өскен елдерге Литва ( 10,2%), Латвия ( 9,5%), Финляндия ( 9,3%) және Мальта (9,1%), ең аз өскен елдерге Польша ( 1,5%), Испания (2%), Ирландия және Словакия (2,5%) жатады. Чехияда жеміс, көкөніс, жұмыртқа мен сүт өнімдерінің бағасы арзандауға байланысты тұтыным бағаларының индексінің мәні 2008 жылдың қазан айында 2007 жылдың аяғындағыдан төмен болып шықты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін