Ресейде көлге қайықпен серуенге шыққан сапарда 13 бала суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде көлге қайықпен серуенге шыққан сапарда 13 бала суға кетті

Ресейде көлге қайықпен серуенге шыққан сапарда 13 бала суға кетті

 

  • 20 Маусым 2016
  • 287
Фото - Caravan.kz

Соңғы деректер бойынша Карелиядағы көлге қайықпен серуенге шыққандардың арасында 13 бала мен бір ересек суға кетіп қаза тапты, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Қазір құтқарушылар Сямозеро көліндегі іздестіру жұмыстарын тоқтатты. Ал серуенге шыққандардың барлығының қайда екендіктері толық анықталды.

Бастапқы тергеу барысында «Парк-Отель Сямозеро» сауықтыру лагерінде сенбі күні демалушылар үш қайықпен Сямозеро көліне серуенге шығып дауылға ұрынғандығы анықталды.

Үш қайықта Мәскеуден демалуға келген барлығы 12-17 жас аралығындағы 47 бала мен 4 ересек нұсқаушы болған. Екі қайық қатты желден аударылып қалған.


Ресей Тергеу комитеті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір сапарды ұйымдастырған екі нұсқаушы қамалған, олардан жауап алынуда.

Карелияда жергілікті әкімшілік 20 маусымды қаралы күн деп жариялады.