Ресейде кондуктор қазақ балаларын автобусқа кіргізбеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде кондуктор қазақ балаларын автобусқа кіргізбеді

Ресейде кондуктор қазақ балаларын автобусқа кіргізбеді

Қоғамдық көлікке отырған қазақ студенттері кондуктор тарапынан жаппай қарсылыққа тап болды.

  • 5 Қазан 2017
  • 9099
Фото - Caravan.kz

Mash Telegram каналына сілтеме жасаған Life.ru  порталының хабарлауынша, оқиға былай болған. Кондуктор жас балаларға жол ақысын үнемдеу мақсатында жалған студент куәліктеріне ие болып алды деп кінә таққан. Отандастырымыз, өз кезегінде, автобустан шығудан бас тартып, өзінің куәліктері ресми екеніне оны сендіріп бақты. Жанжал одан ары дами түсіп, ақыры кондуктор балалардың ұлтына сөз тигізіп, балағаттай бастады.


Ең қызығы, аталмыш "тергеуші" қазақ студенттерінен басқа өзге жолаушылардан тіпті жол ақысын да сұрамаған. Алайда, олар өз кезегінде оның ашуын басуға тырысып бақты.

Бүгінгі күні кондуктор жұмысынан босатылды.

Соңғы жаңалықтар