Ресейде оқитын қазақстандық студенттер тығырыққа тірелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде оқитын қазақстандық студенттер тығырыққа тірелді

Ресейде оқитын қазақстандық студенттер тығырыққа тірелді

Оларды Ресейге кіргізбей жатыр. Әлемнің көптеген елінде коронавирус пандемиясына байланысты дәл осындай жағдай туындаған.

  • 7 Тамыз 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта Ресейде оқитын қазақстандық студенттер үшін шекара уақытша жабық. Бұл туралы Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігі мәлім етті,деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Елшілік жағдайды ерекше бақылауда ұстап, Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп жатқандығын атап өтті.

— Мүмкін келесі аптада бұл мәселеге қатысты жауап алынады, ол туралы қолдағы бар ресурстар арқылы бірден хабарлаймыз. Сондықтан бізден хабар күтіңіздер. Туындаған форс-мажор жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтап, дүрбелеңге бой алдырмауларыңызды сұраймыз, — делінген елшілік хабарламасында.

Әлемнің көптеген елінде коронавирус пандемиясына байланысты дәл осындай жағдайтуындаған, деп атап өтті елшіліктегілер.


Соңғы жаңалықтар