Ресейде президент сайлауына қатысты науқан басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде президент сайлауына қатысты науқан басталды

Ресейде президент сайлауына қатысты науқан басталды

Ресейде ресми түрде сайлау науқаны басталды. Бүгін "Российская газета" басылымында Федерация кеңесінің сайлауды белгілеу туралы қаулысы жарияланды.

  • 18 Желтоқсан 2017
  • 157
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "РИА Новости" хабарлады.

Партия тарапынан ұсынылған кандидаттар немесе өзін-өзі ұсынушылар бүгіннен бастап съездер мен жиналыстар ұйымдастырып, Орталық сайлау комиссиясына қажетті құжаттар өткізуіне болады. 

23 адам президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отыр, оның ішінде қазіргі президенті Владимир Путин де бар. Ол өзін өзі ұсынушы ретінде шығады. Одан бөлек сайлауға тележүргізуші Ксения Собчак, журналист Екатерина Гордон, "Яблоко" көшбасшысы Григорий Явлинский және ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский қатысуды жоспарлап отыр. 

Дүйсенбіден бастап Орталық саулау комитеті 18 наурызда өтетін сайлауға дауыс беруді ұйымдастыруға қаражат алады. Осы мақсатқа 14,807 миллиард рубль қарастырылған. 


Ресейде Президент алты жылға сайланады. 
 

Соңғы жаңалықтар