Ресейде құлдықта болған отандастарымызды босатудың соңы төбелеспен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде құлдықта болған отандастарымызды босатудың соңы төбелеспен аяқталды

Ресейде құлдықта болған отандастарымызды босатудың соңы төбелеспен аяқталды

Ресейде құлдықта болған отандастарымыз елге оралатын болды. Ұзын-саны 12 адамды Мәскеудегі азық-түлік дүкенінің иесі бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған. Бір қызығы қорлап азаптады деген қожайындары  өздерінің жерлесі боп шықты.

  • 14 Қараша 2012
  • 519
Фото - Caravan.kz

Бұл қызын соңғы он жылдан бері көрмеген ананың зары. Баласын құтқаруға көмектескен Ресейдің азаптауға қарсы еріктілер ұйымы. Бірақ олардың кезекті рейді үлкен қарсылыққа тап болып, соңы қып-қызыл төбелеске ұласты. Ал осы дүкенде Қазақстаннан келген қыз-келіншектер жұмысқа жегілген. Құлдықта ұстаған да өз жерлесі екен. Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы тумасы қазіргі Ресей азаматы, оларды алдап шақырып алып, азық-түлік сататын дүкенінде күні-түні жұмысқа салған. Құжаттарын тартып алып, көнбесе ұрып-соққан. Құл иеленушінің оларды алғашында оңайлықпен босатқысы келмеуі де сондықтан.

— Ай, менің сіңілім ғой ол.


— Менің де сіңілім.

— Байы бәле болады.

— Нең бар онда?

— Сөйлесем.

— Сөйлес ал.

— Немене?

Бұл кадрлер ғаламтор мен бірқатар арналарда көрсетілген соң Ресейдің құзырлы органдары дүкен қожайынына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ал 10 жыл бойы құл болғандардың бесеуі жақында елге оралады. Олар тиісті куәліктерін рәсімдеп те қойды. Қалған жетеуі полицияға түсніктеме беріп болған соң туған жерлері Оңтүстік Қазақстан облысына қайтады.

Соңғы жаңалықтар